Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі”
10
ақпан
2025

“Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі”

⚜️🇰🇿«Жас Ұлан, Жас Қыран” ББЖ ұйымының ұйымдастыруымен 6-8 сыныптар арасында “Татулықтың тұтқасы-бірліктің бесігі” атты ауқымды ұлттық би байқауы өткізілді. 
🔰Байқаудың мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
– Би өнері – бұл тек қана қозғалыс емес, ол өзіңді білдіру, өзіңді көрсету. Сондықтан, бүгінгі сайыста әрбір қатысушы өз өнерін барынша ашып көрсете білді! – Бүгінгі байқауға қатысатын барлық өнерпаздарға алғысымыз шексіз! Бірлігі жарасқан, өз жеріміздегі әр ұлт өкілдерінің өнерлерін шабыттана тамалашадық. 
Байқау қорытындысы бойынша: 
БАС ЖҮЛДЕ - 6 “Ә” сынып оқушылары - “Қамажай”
I орын - 8 “Б” сынып оқушылары - “Грузин халқының биі” 
II орын - 7 “А” сынып оқушылары - “Әр ұлттың ұлттық билері” 
II орын - 7 “Г” сынып оқушылары - “Қамажай” 
III орын - 6 “В” сынып оқушылары - “Испан” биі 
III орын - 7 “Ә” сынып оқушылары - “Испан” биі
III орын - 8 “В” сынып оқушылары - “Қазақ, орыс, ұйғыр халқының” билері 
“Ең үздік ұлттық би” номинациясы - 6 “А” сынып оқушылары
“Ең үздік би ұжымы” номинациясы - 7 “Б,В” сынып оқушылары 
“Көрермен көзайымы” номинациясы - 6 “Д” сынып оқушылары 
“Үздік бишілер” - 6 “Б” сынып оқушылары 
Қатысушыларға арнайы кубок, медаль және  мадақтамалармен марапатталды.
Әрбір би тобы нағыз өнер көрсетті! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Олардың таланты мен еңбегіне шын жүректен тәнтіміз!