Мектеп президентін ұлықтау (инагурация) »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп президентін ұлықтау (инагурация)
27
қазан
2023

Мектеп президентін ұлықтау (инагурация)

🟩 Мектеп парламенті ұйымы әр баланың тұлғалық дамуы үшін жұмыс жасайды. Ұйымда мектебіміздің белсенді оқушылары көп. Жақында өткен сайлау нәтижесі бойынша Абдували Али - 51,7% дауыс жинап "Мектеп Парламенті" ұйымының президенті атанған болатын. Жиналыс барысында Абдували Али МП президенті екендігі таныстырылып, фракциялардың басшылары тағайындалды.

🟩 Абдували Али - 9 "А" сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі - Адилова Қарлығаш Абайқызы.

🟩 Али - мектебіміздің белсенді оқушыларының бірі. Осы уақытқа дейін түрлі сахналық қойлымдарға, дебат ойындарына, хорға және "Үздік спикер", "Жас инспекторлар қозғалысы" жобаларына қатысып, телевидинияларға шығып, үздіктер қатарынан көрінді. Бос уақытында мектебіміздегі түрлі іс-шараларға қатысып, спортпен айналысады.

🟩 Алдағы уақытта ұйым мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тілейміз. Ауызбіршілікпен жұмыс жасап, пайдалы жобаларды жоғары деңгейде атқарып жүре беріңіздер.