Алматы қаласы Білім басқармасының
«№82 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247 43 50
Есепші бөлімі:
+7(727) 247 41 93
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Наурыз көже - Ұлыстың Ұлы күні жасалатын тағам
18
наурыз
2025

Наурыз көже - Ұлыстың Ұлы күні жасалатын тағам

Қазақ халқының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады.

Дәстүр бойынша оған бидай, тары, бұршақ, күріш сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар мен ақ қосады. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле береді. Көжеге соғымнан арнайы сақталған қазы, қарта, шұжық та салады.

Наурыз көже - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Ұлттық тағам Наурыз мерекесінде әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды. 

Наурыз көже ішуге жиналған жұрт «ақ мол болсын» деген тілек айтады.

Осы орайда 2025 жылдың  17 наурыз күні 1”А” сынып жетекшісі Г.М.Басканбаеваның ұйымдастыруымен “Наурыз көже” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.

Похожие публикации:

03 сәуір 2023 "Наурыз шуағы"
17 наурыз 2023 Наурыз мерекесі