"Ашық есік күні" өтті
15 сәуір күні мектебімізде Ашық есіктер күні өтті. Аталған іс-шара барысында ата-аналар мектепке келіп, өз балаларының оқу үлгерімі мен тәртібі туралы толық ақпарат алды. Сынып жетекшілері мен мұғалімдер тарапынан қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл күн – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушының білім алуындағы ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Біз үшін ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату – маңызды міндеттердің бірі. Іс-шараға қатысқан барлық